Ақтөбелік келіншек отырып қалған сіңлісіне күйеу іздеп жатыр
Опубликовано:
Ақтөбелік келіншек білімді, ақылды әрі сымбатты сіңлісіне күйеу іздеп жүр. 29 жасқа келген қыз талғамы биік болғандықтан, тұрмысқа әлі шықпаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Әлеуметтік желі арқылы "конкретный" күйеу бала іздеген келіншек сіңлісінің бақытын осылай іздеуге көшкен.
"Сіңлімнің мамандығы - заңгер. Ауылдық жерде мектепте іс жүргізуші болып істейді. Жұмысы мен үйі бар жақсы жігіт болса, болғаны. Мінезі тұйық. Ешкіммен бей-берекет тіл табыса алмайды. Жалпы айтқанда, адам таңдайды. Бұйырса маусымның аяғында қалаға келеді. Сіңлімнің бағы ашылса екен деймін. Қысқасын айтқанда, маған "конкретный" күйеу бала керек", - деді Instagram арқылы күйеу іздеген келіншек.
Айта кетейік, қайнысы мен інісіне, ағасына жар таппай жүрген жандар бұл жазбаның астына жарыса пікір қалдырған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1738359-aktbelik-kelinsek-otyryp-kalgan-silisine-kjeu-izdep-zatyr/