Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

10 жасында нағашысынан зорлық көрген әйел барша қыздарға кеңесін айтты

Опубликовано:

NUR.KZ порталының 8 747 535 12 98 WhatsApp нөміріне оқырман хабарласып, өзінің басынан өткен оқиғасын айтып берді. Бүгінде 30 жасқа келген әйелді бала кезінде өзінің нағашы ағасы зорлаған екен.

Көрнкі фото: Actualitati.md
Көрнкі фото: Actualitati.md: UGC

Алтынай (ред.- есімі өзгертіліп берілді) өз тағдырын көпке сабақ болсын деген ниетпен айтып беруді жөн санапты. Бағы ашылып, жақсы адамға тұрмысқа шыққан әйел қазір екі баланыің анасы. Ол бүгінгі күніне шүкіршілік айтып, өткенін есіне алмауға тырысады екен.

"Ата-анам ажырасқан соң, сіңлім екеуіміз нағашы ағамыздың қолында тұрдық. Мен үшінші сыныпта оқитынмын. Сонда нағашымның ересек баласы маған "арқамды қасы" деп жеке бөлмеге алып барып, әбден зорлайтын. Одан кейін "біреуге тіс жарып айтсаң, пышақтап өлтірем" деп қорқытатын. Сондықтан балалықпен ешкімге айта алмадым", - дейді әйел.

Осылайша, кішкентай қыздың қорлығы үш жылға созылған. Кейінірек "ағасы" әскерге кетіп, анасы басқа бір адамға тұрмысқа шығып, қыздарын өз қолына алады.

"Ағам деп айтуға ауызым бармайды. Ол әскерден келіп қалса, тағы да зорлайды ма деп қатты қорқатынмын. Сол кезде қалай жүкті болып қалмағанмын деп те ойлаймын кейде.

Екі жылдан соң әлгі жігіт әскерден оралып, үйленді. Бір қызды болды. Бірақ өзі ішкілікке салынып, көп ұзамай қайтыс болды", - деген Алтынай, әрбір адамның жазасын Алла береді дегенге сенеді екен.

Әйел елімізде өзімен тағдырлас қыз-келіншектерге өмірден түңілмеуге кеңес береді. Себебі қырық жанды әйелдің түбі бір бақытты болатын күні келеді дейді ол.

"Басымнан өткен оқиғаның барлығын күйеуім ғана біледі. Онымен алғашында дос болып сырласып жүрдік. Мен оған тұрмысқа шығамын деген ойым болмаған соң, жан сырымның барлығын айта беретінмін.
Кейінірек арамызда сезім пайда болып, отбасын құрдық. Жан жарым бақытыма орай, өте жақсы адам болып жолықты. Ешқашан менің өткенімді есіме салған емес.
Қазір екі балам бар, Аллаға сансыз шүкір деймін. Мұндай жағдай көп қыздың басынан өтеді, бірақ көбі айта алмай, үнсіз қалады. Сондықтан, өмірден баз кешпей, тек алға қарай ұмтылу керек" ,- деп сөзін қорытындылады келіншек.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1738560-10-zasynda-nagasysynan-zorlyk-krgen-jel-barsa-kyzdarga-keesin-ajtty/

pixel