Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде полицейлерді "ешкіге" теңеген әйелдің басы бәлеге қалды

Опубликовано:

Ақтөбе облысы Хромтау ауданының 30 жастағы тұрғыны билік өкілін қорлағаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды. Ішімдік ішкен әйел полиция қызметкерін балағаттап, тіл тигізген деп хабарлайды Керек-инфо порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: penzavzglyad.ru
Көрнекі фото: penzavzglyad.ru: UGC

Сот материалдарына сәйкес, 27 сәуірде Хромтау ауданының тұрғыны ІІБ-не хабарласып, ер адамды пышақтап тастағанын айтады. Оқиға орнына барған учаскелік инспекторлардың алдынан үй иесінің қызы шығады.

Ішімдік ішкен әйел полиция қызметкерлерін балағаттап, ар-намыстарына тиеді. Сотталушы оларды "ешкілер" деп тілдеп, үйлерінен қуған.

Сот алдына келген әйел адам анасына қонаққа барып, кейін бірге ішімдік ішкенін айтты. Сонымен қатар кінәсын мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді.

Белгілі болғандай, ол үйде ешқандай қылмыс жасалмаған болып шықты. Ішімдік ішкен әйелге жалған хабарлама жасағаны үшін айыппұл салынған. Ол тәртіп сақшыларына неліктен қоңырау шалғанын түсіндіріп бере алмады.

Ал медициналық куәландыру қорытындысы полицейлерді тілдеген әйелдің "орта" деңгейде мас күйінде болғандығын анықтады. Сот үкімімен сотталушы азаматша 120 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1738684-aktbede-policejlerdi-eskige-teegen-jeldi-basy-blege-kaldy/

pixel