Х қаласы: Шымкенттіктердің мемлекеттік нөмірі ауысуы мүмкін
Опубликовано:
Бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы өзінің 13-номерін сақтап, ал Шымкентте 17 нөмірлі "жеке" цифрлық коды пайда болады. Бұл туралы Kolesa.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

"Көлік құралдарын тіркеу ережесіне өзгертулерді енгізу туралы кезекті бұйрық Әділет министрлігіне талқылауға жіберілді", - деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің баспасөз-қызметінің өкілдері.
Шымкент қаласына арналған жаңа нөмірлік белгілер қашан пайда болатыны әзірге белгісіз.
Еске салайық, Шымкент қаласы Қазақстан президентінің жарлығымен ресми түрде мемлекеттік маңызы бар қала болып бекітілді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1738914-h-kalasy-symkenttikterdi-memlekettik-nmiri-auysuy-mmkin/