Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

1 шілдеден бастап қазақстандықтардың өмірінде болатын 9 өзгеріс қандай?

Опубликовано:

1 шілдеден бастап Қазақстанда тұрғындардың өмірін өзгертетін біршама жаңашылдық күшіне енеді. Sputnik Қазақстан санаулы күндерден кейін енетін өзгерістерді назарларыңызға ұсынады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz: UGC

1. Базалық зейнетақыны төлеу тәртібі өзгереді

1 шілдеден бастап базалық зейнетақыны төлеу тәртібі өзгереді. Бұдан былай базалық зейнетақының мөлшері азаматтардың еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына тәуелді болады. Егер бүгінде барлық зейнеткерге базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% мөлшерінде немесе 15 274 теңге төленсе, онда 1 шілдеден бастап оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты артады.

2. Жаңа мемлекеттік жәрдемақы

Биыл Қазақстан президенті халыққа Жолдауында 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақыны енгізуді тапсырған болатын.

Қосымша жәрдемақыны шамамен 14 мың отбасы ай сайын алатын болады. Жәрдемақы көлемі биыл ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,05 мөлшерін немесе 29 699 теңгені құрайды.

3. Пациенттердің амбулаторлық картасы жойылады

Қазір республиканың сегіз өңірі ауруханаларда қағазбастылықты жою мақсатында пилотты режимде электронды жүйеге көшкен. 1 шілдеден бастап "қағазсыз аурухана" жобасына бүкіл Қазақстан қосылмақ.

4. e-Паспорт пен e-Виза

1 шілдеден бастап Қазақстанда автокөліктердің электронды паспорты енгізіледі.

Электронды паспортта темір тұлпардың зауыттан шыққан күнінен бастап, бұзылғаны, тіпті апатқа түскені туралы барлық "өмірбаяны" жазылады. Бұл ақпараттың бұрмалануына жол бермей, мұндай құжаттарды қолдан жасауға тосқауыл болады. Болашақта мінілген көлікті сатып алғысы келген адам арнайы порталдан оның "өмір тарихымен" таныса алады. Мәліметтер Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай базасында сақталады.

5. Темекі тағы қымбаттайды

Былтыр қыркүйекте үкіметінің №587 қалусындағы өзгеріске сәйкес Қазақстанда темекінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы 1 шілдеден бастап 31 желтоқсанына дейін – 360 теңге; 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 380 теңгені құрайтын болады.

6. Жәбірленушілерге өтемақы қорына ақша түсе бастайды

Қазақстанда қылмыстардан зардап шеккен тұлғаларға бір реттік материалдық көмек көрсету үшін жәбірленушілерге өтемақы қоры құрылған болатын. Президенті тиісті заңға осы жылдың қаңтарында қол қойды.

Жәбірленушілер үш санат бойынша қарастырылады. Олар: кәмелетке толмай жатып зорлық-зомбылық құрбаны болғандар, адам саудасына түскендер, денсаулығына ауыр зиян келгендер және иммун тапшылығы вирусын жұқтырғандар (ВИЧ/СПИД). Сондай-ақ, жәбірленуші қайтыс болған жағдайда, өтемақы оның туыстарына төленеді.

7. Жылу тарифі төмендейді

1 шілдеден бастап Астанада жылу тарифі шамамен 5 пайызға төмендейді.

8. Депозиттер бойынша жылдық жоғары сыйақы мөлшері өзгереді

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры ұсынатын жеке тұлғалардың жаңадан тартылған депозиттері бойынша ең жоғарғы жылдық сыйақы мөлшерлемесі 12%-ға дейін төмендейді.

9. Мемлекеттік сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізіледі

1 шілдеден бастап Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Түзетулер құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жеңілдету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында енгізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1739570-1-sildeden-bastap-kazakstandyktardy-mirinde-bolatyn-9-zgeris-kandaj/

pixel