Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев Астанада хан сарайындай балабақшаны ашты (фото)

Опубликовано:

Бүгін Астанада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өңірлердің елорданың 20 жылдығына орай тарту еткен бірқатар нысандарының тұсауын кесті. Солардың бірі - 240 орындық "Алматы" балабақшасы болды. Елбасы бүлдіршінденрдің ата-аналарымен кездесіп, кішкентай бөбектермен шүйіркелесе әңгімелесті деп хабарлайды NUR.KZ.

Астанада хан сарайындай балабақша
Астанада хан сарайындай балабақша: UGC

Астананың 20 жылдығына орай аймақтардың тарту ретінде ұсынған айтулы нысандарынының тұсау кесу рәсімі толастар емес. Бүгін президент елордада "Алматы" балабақшасының тұсауын кесіп, бөбектер мен олардың ата-аналарына сәттілік тіледі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада ашылған балабақшада
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада ашылған балабақшада: UGC
"Астана өздеріңіз куәсіздер, күннен күнге көркейіп келеді. Солардың ішінде мынадай әлеуметтік маңызы бар нысанның бой көтеруі - айтулы шара деп білемін. Мына кішкентай бүлдіршіндер біздің болашағымыз. Келешекте елдің тұтқасын ұстайтын азаматтар осылар болады. Сондықтан барлықтарыңызды құттықтаймын, еліміз дамып, көркейе берсін!", - деді Назарбаев.
Елбасы Астанада ашылған балабақшада
Елбасы Астанада ашылған балабақшада: UGC

Бір қуантарлығы хан сарайындай балабақшаның іші-сырты ұлттық нақышта безендірілген. Балабақша Алматы қаласының Астананың 20 жылдығына арналған тартуы болғандықтан, оның іші-сыртында әсем Алматының басты символдарының бейнесі көрініп тұрды.

Елбасы бүлдіршіндермен
Елбасы бүлдіршіндермен: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Мәселен, балабақша сыртында алматылық алма ағашының мынадай әдемі суреті бой көрсетіпті.

Астанада ашылған балабақша
Астанада ашылған балабақша: UGC

Ал нысанның кіре берісінде "Алматыдан Астанаға тарту" деген жазба да тұр.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Айта кетейік, балабақшадағы бөбектер тобының атаулары да Алматының басты "брэндтерінің" атымен аталмақ. Мәселен, оларға "Алатау", "Медеу", "Шымбұлақ", "Көктөбе" Үшқоңыр деген тағы басқа атаулар берілмек.

Үшқоңыр тобы
Үшқоңыр тобы: UGC

Тіпті, балабақша бөлмелеріндегі кілемдерге дейін оңтүстік астананың бас символдары бейнелеген. Онда "Қазақстан" қонақүйі, "Достық" даңғылы деген жазбаларды анық көруге болады.

Астанада ашылған балабақша
Астанада ашылған балабақша: UGC

Ал, жалпы балабақшадағы бөбектер ұзын саны 12 топқа бөлінбек. Айта кетерлігі 240 бүлдіршінге арналған балабақша елорданың "Алматы" көшесінің бойында орын тепкен.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1740096-nazarbaev-astanada-han-sarajyndaj-balabaksany-asty-foto/

pixel