Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кішкентай сәбиін жалғыз қалдырып кеткен Балқаш тұрғыны елдің ашуына тиді

Опубликовано:

Балқашта 1,5 жасар баласын үйіне жалғыз қалдырып кеткен ана елдің ашуына тиді. Тынбай жылаған бала дауысы мазасын алған тұрғындар полиция шақыруға мәжбүр болған деп хабарлайды novosti_kz_24 парақшасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: mchildren.ru
Фото: mchildren.ru: UGC

Полицияға хабарласқан тұрғындар көрші үйден баланың тынбай жылаған дауысы шыққанын айтқан. Көршілер 1,5 жастағы балақайға көмектеспек болғанымен есікті өздігінен аша алмапты.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері есікті бұзып ашып, баланы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізген.

Айта кетейік, көп ұзамай баланың анасы да табылды. Шұғыл жұмыстарының шығуына байланысты баласын ұйықтатып кеткен ана оның жақын арада оянбайтынына сенімді болған.

Қазір балақайды анасына қайтарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1741257-kiskentaj-sbiin-zalgyz-kaldyryp-ketken-balkas-trgyny-eldi-asuyna-tidi/

pixel