Әлем елдері педофилдерді қалай жазалайды?
Жарияланған күні:
Көп мемлекеттерде өлім жазасына кесу немесе өмірінің соңына дейін абақтыда отыру заңы енгізілген. Соңғы уақытта балаларға зорлық-зомбылық көрсету қылмысы көбейіп бара жатыр. Қазақстанда және әлемнің басқа елдерінде педофилдерге қандай жаза қолданылатыны туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Осы жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстанда педофилдерді химиялық жолмен жазалау заңы қолға алынды.
АҚШ
АҚШ-та бүлдіршіндерге зорлық көрсеткен қылмыскерлер полицияның жіті бақылауында болады екен. Бұл арнайы жасалған электронды браслет арқылы жүзеге асады.
Бұл әдіс 1979 жылы Нью-Мексикода алғаш рет қолға алынды. Кейін бірден бес штат осы браслеттің көмегіне жүгінген.
Электронды браслет арқылы полиция қылмыскердің қайда жүргенін біліп отырады. Ол мектептің жанына жақындаған жағдайда құтқарушы топ бірден келеді.
Қазір АҚШ-та осындай электронды бақылаудың арқасында 14 мыңнан астам қылмыскер тіркелген.
Франция
Францияда қылмыскер түрмеден шыққаннан кейін де полицияның бақылауында болады екен.
Сонымен қатар, психолог-дәрігерлермен де арнайы тәртіп бойынша жүздесіп, қажет болған жағдайда ем алады. Бұл заң 1998 жылдан бастап өз күшіне енген болатын.
Израиль
Израильде 2004 жылдан бастап медициналық жолмен сүндеттеу заңы күшейтілді.
Қылмыскерлер берілген мерзімді өтеп, абақтыдан шыққан соң арнайы медициналық препаратты қабылдайды.
Бұл препарат оның жыныстық қатынасқа құштарлығын төмендетеді.
Дегенмен нәтижесінде қылмыскердің бойында диабет, остеопороз немесе басқа да аурулар пайда болуы мүмкін.
Ресей
Көрші мемлекетте 14 жасқа толмаған балаларға зорлық-зомбылық көрсеткен қылмыскерлерді химиялық сүндеттеу күтіп тұр.
Егер қылмыскер дәл осындай оқиғамен екінші рет ұсталса, онда өмірінің соңына дейін түрмеге отырғызылады. Айта кетейік, Ресейде 2012 жылдан бастап педофилдерге қолданылатын жаза күшейіп келеді.
Ал Қытай, Корея, Сауд Арабиясы, Иран, Ирак, Африка сияқты мемлекеттерде педофилдер өлім жазасына кесіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1741458-lem-elderi-pedofilderdi-kalaj-zazalajdy/
Жарияланымға реакцияңыз?
Соңғы пікірлер
Барлық пікір саны: 7
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.
бизге де олим жазасын беру керек гой!!!
Индико
Кесип тастау керек кой
Ягуар
Чехия атып тастайды .
меруерт85
Кытай дурыс истеиди
Макк
яя. заза аз гои
нұрғазы
қытай,сауд арабия дұрыс жасаған
Гулбаршын
бизде тук жаза жок акша берсе болды бостандык.
Turan