Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем елдері педофилдерді қалай жазалайды?

Опубликовано:

Көп мемлекеттерде өлім жазасына кесу немесе өмірінің соңына дейін абақтыда отыру заңы енгізілген. Соңғы уақытта балаларға зорлық-зомбылық көрсету қылмысы көбейіп бара жатыр. Қазақстанда және әлемнің басқа елдерінде педофилдерге қандай жаза қолданылатыны туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сурет: Yorick.kz
Сурет: Yorick.kz: UGC

Осы жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстанда педофилдерді химиялық жолмен жазалау заңы қолға алынды.

АҚШ

Көрнекі сурет: Sputnik Азербайджан
Көрнекі сурет: Sputnik Азербайджан: UGC

АҚШ-та бүлдіршіндерге зорлық көрсеткен қылмыскерлер полицияның жіті бақылауында болады екен. Бұл арнайы жасалған электронды браслет арқылы жүзеге асады.

Бұл әдіс 1979 жылы Нью-Мексикода алғаш рет қолға алынды. Кейін бірден бес штат осы браслеттің көмегіне жүгінген.
Көрнекі сурет: Today.kz
Көрнекі сурет: Today.kz: UGC

Электронды браслет арқылы полиция қылмыскердің қайда жүргенін біліп отырады. Ол мектептің жанына жақындаған жағдайда құтқарушы топ бірден келеді.

Қазір АҚШ-та осындай электронды бақылаудың арқасында 14 мыңнан астам қылмыскер тіркелген.

Франция

Көрнекі сурет: МВД России
Көрнекі сурет: МВД России: UGC

Францияда қылмыскер түрмеден шыққаннан кейін де полицияның бақылауында болады екен.

Сонымен қатар, психолог-дәрігерлермен де арнайы тәртіп бойынша жүздесіп, қажет болған жағдайда ем алады. Бұл заң 1998 жылдан бастап өз күшіне енген болатын.

Израиль

Көрнекі сурет: Блог Анны Левченко
Көрнекі сурет: Блог Анны Левченко: UGC

Израильде 2004 жылдан бастап медициналық жолмен сүндеттеу заңы күшейтілді.

Қылмыскерлер берілген мерзімді өтеп, абақтыдан шыққан соң арнайы медициналық препаратты қабылдайды.

Сурет: Блог Андрея
Сурет: Блог Андрея: UGC

Бұл препарат оның жыныстық қатынасқа құштарлығын төмендетеді.

Дегенмен нәтижесінде қылмыскердің бойында диабет, остеопороз немесе басқа да аурулар пайда болуы мүмкін.

Ресей

Көрнекі сурет: 365info
Көрнекі сурет: 365info: UGC

Көрші мемлекетте 14 жасқа толмаған балаларға зорлық-зомбылық көрсеткен қылмыскерлерді химиялық сүндеттеу күтіп тұр.

Егер қылмыскер дәл осындай оқиғамен екінші рет ұсталса, онда өмірінің соңына дейін түрмеге отырғызылады. Айта кетейік, Ресейде 2012 жылдан бастап педофилдерге қолданылатын жаза күшейіп келеді.

Ал Қытай, Корея, Сауд Арабиясы, Иран, Ирак, Африка сияқты мемлекеттерде педофилдер өлім жазасына кесіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1741458-lem-elderi-pedofilderdi-kalaj-zazalajdy/

pixel