Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шілде басталған соң шымкенттіктерді қарақұрт шағып тастады

Опубликовано:

Шымкентте жаз маусымы басталғалы бері қарақұрттар 25 адамды шағып алған. Жапа шеккендердің ішінде балалар да бар. Қарақұрттың белсенділігі тек осы маусымда ғана артады деп хабарлайды Otyrar.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сурет: otyrar.kz
Сурет: otyrar.kz: UGC

Қарақұрттың шағып алғанынан жапа шеккендердің саны маусым айының басында күрт арта бастаған. 25 адамның ішінде төртеуі - бала. 10 адам әлі күнге дейін емханалардағы токсикологиялық бөлімшелерде ем қабылдап жүрген көрінеді.

Мамандар қарақұрттар белсенділігінің артқанын айтып отыр. Олардың күрт көбеюі 10-12 жылда бір болады екен. Алдыңғы жолы қарақұрттар санының күрт көбеюі 2005 жылы болған.

Сурет: otyrar.kz
Сурет: otyrar.kz: UGC

Былтыр маусым айында қарақұрттың кесірінен Атырау облысында алты түйе өліп қалған еді. Сондай-ақ Шымкентте маусым айының соңына дейін қарақұрттан зардап шеккен 30 адам емхана көмегіне жүгініпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1741616-silde-bastalgan-so-symkenttikterdi-karakrt-sagyp-tastady/

pixel