Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарапайым тұрғындарды тепкіге алған әкімдер туралы не білеміз? (фото)

Опубликовано:

Өзіне ұнамаған істі байқаса, жұдырық ала жүгіретін атышулы әкімдер кімдер? Өзін ұстай алмай, тосын мінезімен танымал болған билік басындағылар жайлы NUR.KZ порталы назарларыңызға ұсынады.

31 арнаның мәліметінше, Жақында Ақмола облысында апталдай азаматты соққыға жығып, тіпті "Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізді" деп айтыпталған Курская ауылының әкімі Владимир Рагозный бар болғаны қызметінен босатылды.

Владимир Рагозный. Фото: NUR.KZ
Владимир Рагозный. Фото: NUR.KZ: UGC

"Қорғалжын ауылдық аймағының әкімі Жанат Омаров 14 жастағы мектеп баласын тепкінің астына алған. Бұл іске мәжіліс депутаттары араласқан соң ғана әкімге қатысты тергеу жұмыстары қозғалған" деп хабарлады 31 арна. Кейін әкім осы ісі үшін 36 мың теңге айыппұл төледі.

Жанат Омаров. Фото: Zakon.kz
Жанат Омаров. Фото: Zakon.kz: UGC

Талдықорған әкімінің орынбасары болған Асқар Тұтыбаев өз кабинетінде кәсіпкер Алмас Садырбаевпен төбелескені елдің есінен кетер емес.

Асқар Тұтыбаев. Фото: 365Info
Асқар Тұтыбаев. Фото: 365Info: UGC

Түркістан облысында журналист Ләззат Асанова Киелітас аулының әкімі Полат Төребековтен таяқ жеген. Ауыл әкімі оны балағаттап, ұрып, телефонын тартып алғаны да тұрғындардың жағасын ұстатты. Қазір келіншек ауруханада.

Полат Төребеков. Фото:tolebi-akimat.gov.kz
Полат Төребеков. Фото:tolebi-akimat.gov.kz: UGC

Ақмола облысы Есіл ауданы Двуреченский ауылдық округінің әкім Қайрат Мусин ауыл тұрғынына билік өкіліне жараспайтын қылық көрсетіп, балағаттаған. Тіпті жігітке қол көтерген.

Қайрат Мусин. Фото: today.kz
Қайрат Мусин. Фото: today.kz: UGC

2017 жылы Түлкібас ауданына қарасты Ақсу Жабағылының тұрғыны Асқар Қойлыбаев ауыл әкімінің үстінен арыз айтты. Ол өзін Майлыкент ауылдық аймағының басшысы Келесбек Жартыбаев ұлы мен күйеу баласын жанына алып, жабыла тепкілегенін жайып салған еді.

Келесбек Жартыбаев. Фото: КТК арнасы
Келесбек Жартыбаев. Фото: КТК арнасы: UGC

Қостанай облысындағы Қалам-Қарасу ауылының әкімі Қанатбай Тұрмағамбетовтің әйелді ұрғаны да жұрттың жағасын ұстатқан жайт болды. Әкімдік алдында құлап жатқан билбордты суретке түсірген әйелді Қанатбай Тұрмағамбетов тұншықтырып, кеуде тұсынан бірнеше рет ұрып, түкіріп жіберген. Ал сарапшылар жасаған қорытындыда әйелдің миы шайқалғаны, әртүрлі дене жарақатын алғаны айтылған еді.

Қанатбай Тұрмағамбетов
Қанатбай Тұрмағамбетов: UGC

ЕСКЕРТУ! Мақаланы көшіріп басуға ҚР Заңнамасымен тыйым салынады!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1741620-karapajym-trgyndardy-tepkige-algan-kimder-turaly-ne-bilemiz-foto/

pixel