Ақтөбедегі элиталы бассейн су ішінде "аймаласқан" ғашықтармен соттаспақ
Опубликовано:
Ақтөбедегі элиталы бассейн ішінде "аймаласқан" қызметкерлерге қатысты тергеу басталды. Мекеме басшылары оқиғаның мән-жайын анықтауды полицияға тапсырған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

"Біз ол оқиғаға қатысты ештеңе айта алмаймыз. Барлығын құқық қорғау қызметкерлеріне тапсырдық. Қылмыстық іс қозғау жөнінде өзім Сазды бөлімшесіне барып арыз жаздым. Енді мән-жайды полиция анықтайтын болады. Тергеу жүріп жатқанда ештеңе айта алмаймыз" ,- деді "World class" фитнес-клубының Ақтөбе облысы бойынша филиал директоры Тамара Кацендорн.
Естеріңізде болса, Ақтөбедегі элиталы ортаға арналған фитнес-клубта түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын.
Түнгі мезгілде клубқа кіріп, бассейн ішінде көңіл көтергендер сот алдында жауап беретін болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1741733-aktbedegi-elitaly-bassejn-su-isinde-ajmalaskan-gasyktarmen-sottaspak/