Шпекбаев: Мемлекеттік қызметкерлердің тегін баспанаға иек артпағаны жөн
Опубликовано:
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Қазақстанның мемлекеттік қызметкерлеріне баспана мәселесін шешуді мемлекеттен күтпей, үй сатып алуға кеңес берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Үй сатып алуға қамданған жөн екенін айтқан төраға 7-20-25" бағдарламасын белсенді пайдалануға шақырды.
"Мемлекет басшысының бастамасымен іске қосылған, жеңілдікпен баспана алуға мүмкіндік беретін "7-20-25" бағдарламасын белсенді пайдалану керек. Баспана жоқ болса, кеңес уақытындағыдай, мемлекет тегін береді деп күтпеу қажет. Үй сатып алуға қамданған жөн", — деді агенттік басшысы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1743465-spekbaev-memlekettik-kyzmetkerlerdi-tegin-baspanaga-iek-artpagany-zn/