Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Малайзиялық азамат қазақ қызына ықтияр хат үшін үйленгенін айтып қойды

Опубликовано:

Малайзиялық азаматқа тұрмысқа шыққан қазақстандық бойжеткен балаларын күйеуі ұрлап кеткенін айтып, дабыл қағуда. Бойжеткеннің адвокаты шетел азаматының қазақстандық аруға ықтияр хат үшін үйленгенін дәлелдейтін хабарламаларды NUR.KZ редакциясына жолдады.

Әлия. Фото жеке мұрағатынан
Әлия. Фото жеке мұрағатынан: UGC

Арнайы маманның көмегімен қытай тіліндегі хабарламалардың нақты аудармасын жасатқан адвокат оларды назарға салды.

"Егер мен Малайзияға қайтып оралсам, сенде көк тиын болмайтынын түсінесің бе? Бұны саған айтуға қорыққан едім, себебі, айтатын болсам, кері қайтару мүмкін болмайды. Мен үшін саған үйленудің басты себебі ықтияр хатты алу еді. Соның көмегімен қомақты ақшаға ие бола аламын", - деп жазған малайзиялық азамат әйеліне.

Бұл хатты алған қазақстандық ару одан не үшін екі бала сүюге дейін барғанын сұрады. Ер адам той күнінен бастап ажырасуды ойлап келгенін және "бұлай боларын білмегенін" алға тартқан.

Бұл құжаттың негізінде бойжеткеннің адвокаты сот арқылы некенің заңсыз екенін дәлелдеп, малайзиялықты әке құқығынан айырмақ.

Еске салсақ, Алматы тұрғыны малайзиялық күйеу баласының немерелерін ұрлап әкеткенін айтып, мұңын шаққан болатын. Ұрланған балаларды малайзиялық полиция іздестіруде.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1743774-malajzialyk-azamat-kazak-kyzyna-yktiar-hat-sin-jlengenin-ajtyp-kojdy/

pixel