Роза Рымбаева: Ана үшін баласын жоғалтудан ауыр қайғы жоқ
Жарияланған күні:
Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салған көпшілік қатарында шоу-бизнес өкілдері де болды. Олар қыршынынан қиылған спортшы жайлы естеліктер айтып, көз жасына ерік берді деп хабарлайды "Евразия" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Қоштасу рәсіміне екі ұлымен бірге келген Роза Рымбаева да ана үшін бұдан асқан қайғы жоқ екенін айтып көзіне жас алды.
"Әрбір ана үшін ауыр қайғы – өзі үлкен жұлдыз жасап, тамаша ер азамат етіп тәрбиелеген, болашағы зор ұлын жоғалту", - деді спортшының жақындарына көңіл айтқан әнші.
Ал Нұрлан Абдуллин 25 жасында өмірімен қош айтысқан мәнерлеп сырғанаушы аман сақтап қала алмағаны үшін өкініш білдірді.
"Осы Балуан Шолақ атындағы сарайда Денистің алғашқы шоуларын өткізген едік. "Денис және достары" шоуына әлемнің түкпір-түкпірінен ең атақты жұлдыздар келді. Біз үшін бұл үлкен мәртебе еді. Небәрі 20 жастағы жігіт әлем жұртын қазақ жерінде тоғыстырды. Ал біз оны қорғап қала алмадық", - деді Нұрлан Абдуллин.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1743861-roza-rymbaeva-ana-sin-balasyn-zogaltudan-auyr-kajgy-zok/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.