Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзімнен жиіркенемін": Тұрмысқа пәк болмай шыққан ару жан сырымен бөлісті

Опубликовано:

Пәк болмай тұрмысқа шыққан келіншек өткен өміріне қатты өкінетінін айтты. Ол жас бойжеткендерді тұрмысқа қыз болмай шығудан аулақ болып, өзі секілді алданып қалмауға шақырды деп жазады aqparat.ortalyq.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: top100ru.com
Фото: top100ru.com: UGC

Өзінің жан сырымен бөліскісі келген келіншек өзінің басынан өткен оқиғаны хатында айтып берген. Ол жас бойжеткендерге өз қателігін қайталамауға кеңес берді.

"Шынымды айттым. Маған дейін өткен өмірің қызықтырмайды, менен кейін болмаса болды деді. Құдайға шүкір, үйленгенімізге 7 жылға жақындады, 1 ұл, 1 қызымыз бар. Осы жыл арасында бірде — бір рет бетіме басқан емес.
Бірақ ол кешіргенімен, мен өзімді кешіре алмай келемін. Өткен өміріме көз жүгіртіп, өз- өзімнен жиіркенем, неге сондай ақымақ болғанмын деп. Қызыма қалай тәрбие беремін деген ой маза бермейді. Ұмытқым келеді, ұмыта алмаймын. Жақсы Келін болып, жақсы қыз болып айналамдағылардың бәрін алдап жүргендеймін.
Бірде күйеуім бір досымен таныстырды, өзі де жақында танысқан ол жігітпен, жақсы араласып кетті. Ал ол жігіт менің сол алданған «жігітімнің» інісі болып шықты, өзімді жаман сезіндім, бізге бір күлетін сияқты. Танымағансып жүре бердім, бірақ ішім алай-дүлей.
Сондықтан, қыздар, алданбаңдаршы, мұндай қателіктерді жібермеңдерші дегім келеді. Босағаны жүзің жарқын, пәк болып аттағанға не жетсін!", - деп ішіндегісін ақтарды келіншек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1743862-zimnen-ziirkenemin-trmyska-pk-bolmaj-sykkan-aru-zan-syrymen-blisti/

pixel