Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денис Теннің өліміне күдікті азамат маркетолог мамандығында оқыған

Опубликовано:

Денис Теннің қазасына күдікті азаматтың маркетолог мамандығы бойынша оқығандығы Қызылорда облыстық білім басқармасының берген мәліметінен белгілі болды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Сурет: SportX.kz
Сурет: SportX.kz: UGC

Арман Құдайбергенов 1994 жылы 24 қыркүйекте Қармақшы ауданы, Төретам ауылында дүниеге келген. 2002 жылы осы ауылдағы №85 орта мектептің бірінші сыныбына барып, сол жерде жетінші сыныпқа дейін оқыды. Отбасының Байқоңырға көшуіне орай, ол сондағы №6 орта мектебіне ауысқан. Кейін 2009-2010 жылдары сезізінші сынып оқып жүргенінде Қызылорда қаласындағы №7 орта мектепке келіпті.

Арман Қызылордада 10 сынып аяқтап, орта білім жайлы аттестатын қолына алыпты. 2012 жылдың тамыз айында ол Қызылордадағы №7 кәсіптік-техникалық лицейге "Маркетинг" мамандығы бойынша оқуға қабылданған. 2012 жылдың қарашасында Арман лицей маңындағы кешкі мектепке ауысты.

2013 жылдың қарашасында Арман сабақтарды көп босатқанның салдарынан оқудан шығарылды. Осымен анықтама аяқталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1744262-denis-tenni-limine-kdikti-azamat-marketolog-mamandygynda-okygan/