Қазақстандықтар тамыз айында қанша күн демалады?
Опубликовано:
Қазақстан халқын тамыз айында екі бірдей мереке күтіп тұр. Жаздың соңғы айында ел тұрғындары Құрбан айт пен Конституция күнін атап өтеді. Бұл туралы NUR. KZ порталы хабарлайды.

5/2 режимінде жұмыс істейтін жандар тамызда 10 күн демалады.
Құрбан айтты 21 тамызда, ал Конституция күнін – 30 тамызда тойлайтын боламыз.

Осыған орай, арнайы тағайындалған бұйрыққа сәйкес, сенбі, 25 тамыз - жұмыс күні боп жарияланып, қазақстандықтар 4 күн қатарынан демалатын болады.
Яғни, 30-31 тамыз (бейсенбі және жұма), сондай-ақ, 1-2 қыркүйек - сенбі және жексенбі.
Жұмыс аптасы 3 қыркүйек күні - дүйсенбіде басталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1744331-kazakstandyktar-tamyz-ajynda-kansa-kn-demalady/