Бет-жүзіне ине тыққан: Шымкентте өзеннен дуаланған әйелдің суреті табылды (видео)
Опубликовано:
Шымкентте өзенге барған жігіттер бет-аузына ине қадалған әйелдің суретін тауып алған. Олар дуаланған фотоны дереу видеоға түсіріп, әлеуметтік желге таратқан деп хабарлайды NUR.KZ.
![Фото: Depositphotos Фото: Depositphotos](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx1enfhs6norj8.jpeg)
Белгісіз біреу әйел адамның суретін ақ шүберекке орап, тасқа басып, өзенге лақтырған.
Оқыс оқиғаның куәгері болған жігіт: "Шымкент қаласы, Қошқар ата өзені. Бір әйелді дуалаған. Бет-жүзінің бәріне ине тығып тастаған", - дейді кадр сыртында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1745494-bet-zzine-ine-tykkan-symkentte-zennen-dualangan-jeldi-sureti-tabyldy-video/