Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тақырбас қыздар: Айрықша келбетімен елді таңғалдырып жүрген бойжеткендер кімдер?

Опубликовано:

Бүгінгі таңда елімізде айрықша образ таңдап, елден ерекшеленгісі келетін жандардың қарасы көбейген. Түрлі стильдердің басын біріктіретін Алматы қаласының өзінде мұндай жандар өте көп. Comode.kz порталы шашын тақырлап алыс тастауға батылы жеткен бойжеткендерді назарға ұсынады деп жазады NUR.KZ.

Арай Молдабаева (30 жаста, кәсіпкер )

Тақырбас қыздар: Образ таңдауда ерекшелікті ұнататын қазақстандық қыздар кім?
Тақырбас қыздар: Образ таңдауда ерекшелікті ұнататын қазақстандық қыздар кім?: UGC
"Мен алопеция деген сырқатпен ауырамын. Шашым сиреп, түсе береді. Бастапқыда осы дертімді емдеу үшін мені анам тақырлап алып тастады. Қаншама емдік шөптер, дәрілерді қолдандым. Тақырбас күйімде далаға шыға алмай жүрдім.
Сондықтан парик киіп, орамал тағумен болдым. Кейін шашым біраз өсті. Бала босанғаннан кейін тағы да шашымды тақырлап алып тастадым. Осылайша елден қысылып-қымтырылмай жүре беруге де етім үйреніп кетті. Шашым сиреп, төбем көрініп тұрғаннан гөрі, тақырбас болған артық", - дейді ол.
Тақырбас қыздар: Образ таңдауда ерекшелікті ұнататын қазақстандық қыздар кім?
Тақырбас қыздар: Образ таңдауда ерекшелікті ұнататын қазақстандық қыздар кім?: UGC

Алиса Игильманова (16 жаста)

Тақырбас қыздар: Образ таңдауда ерекшелікті ұнататын қазақстандық қыздар кім?
Тақырбас қыздар: Образ таңдауда ерекшелікті ұнататын қазақстандық қыздар кім?: UGC

"Мен бұл туралы көп ойландым. Достарыммен бір жайтты атап өткелі дайындалып жатқан едік. Достарым ен бірінші рет сол кезде менің шашымды тақырлап алып тастады. Мен жарты жыл бойы осы ойымды іске асырмақ ниетте жүрген едім. Басында ұзын шашымды каре түрінде кестім, кейін желкемдегі шашымды тақырлап алдым, содан кейін барып түгел шашымды тақырладым. Мені достарым толықтай қолдады. Ата-анам да қарсы бола қойған жоқ", - дейді Алиса.

Татьяна Кучменко (18 жаста, студент)

Тақырбас қыздар: Образ таңдауда ерекшелікті ұнататын қазақстандық қыздар кім?
Тақырбас қыздар: Образ таңдауда ерекшелікті ұнататын қазақстандық қыздар кім?: UGC

"Мен бұл туралы көп ойландым. Бұған дейін шашым каре болатын. Бірақ жазда қатты ыстықтайтын едім. Екінші жағынан жан жүнием қандай болса, сыртқы келбетім де сондай болғанын қаладым. Мені елдер түріме емес, жан дүниеме қарап бағалағанын жақсы көремін", - дейді Татьяна.

Айтуынша, қызының әрекетін көргенде анасы бір күн бойы онымен сөйлеспей қойған. Алайда әкесі оны қолдап, рұқсатын беріпті.

Ғалия Бегеева (25 жаста)

Тақырбас қыздар: Образ таңдауда ерекшелікті ұнататын қазақстандық қыздар кім?
Тақырбас қыздар: Образ таңдауда ерекшелікті ұнататын қазақстандық қыздар кім?: UGC
"18 жасымда шашым беліме дейін түсіп тұратын. Бірақ жұқа еді. Атам қазақтар шаштың қалың болып өсуі үшін кішкентай балалардың шашын тақырлап алып тастайтынын айтты. 2011 жылы мен барып, шашымды тақырлап алып тастадым. Сөйтіп ұзын шашымды алпыс мың теңгеге сатып жібердім.
Қазан айында шашым қалыңдай бастады. Алайда мен тағы да алып тастадым. Осылай жүргеніме сегіз жыл болды. Елдер тақырбас деп атайды. Бірақ, маған бәрібір. Анам да, әкем де мені қолдады. Кейде адамдар менен: "Бойжеткен ракпен ауырасыз ба?", - деп сұрайды. Сол үшін елдің көзінше парик киіп жүремін", - дейді Ғалия.

Амина Хорняк (22 жаста, заңгер)

Тақырбас қыздар: Образ таңдауда ерекшелікті ұнататын қазақстандық қыздар кім?
Тақырбас қыздар: Образ таңдауда ерекшелікті ұнататын қазақстандық қыздар кім?: UGC
"Биыл наурыз айында мен жігітіммен айырылыстым. Күйзеліске түстім. Бұл кезең мен үшін өте ауыр тиді. Сондықтан өзімді өзгертіп, шашымды алып тастауға бел будым", - дейді ол.

Ал анасы болса, қызының жақсы жаққа қарай өзгергенін, оның жаңа бастамасына қуанғанын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1745604-takyrbas-kyzdar-ajryksa-kelbetimen-eldi-tagaldyryp-zrgen-bojzetkender-kimder/

pixel