2018 жылғы грант иегерлері тізімін қашан және қайдан білуге болады?
Опубликовано:
Қазақстанда білім гранттарын бөлу қорытындысы 6 тамыз күні сағат таңғы онда белгілі болады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.
![2018 жылғы грант иегерлері тізімін қашан және қайдан білуге болады? 2018 жылғы грант иегерлері тізімін қашан және қайдан білуге болады?](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx4hpqq7m6rbs.jpeg)
Қазақстан білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ЖОО білім беру гранттарын тағайындау бойынша республикалық конкурстық комиссия өз жұмысын 5 тамыз күні аяқтады.
"Отырыстар қорытындысы бойынша білім беру гранттары иегерлерінің толық тізімі 6 тамыз күні сағат 10.00-де жарияланады", — деп жазылған хабарламада.
Грант иегерлерінің тізімі төмендегі сілтемелер бойынша қолжетімді болады:
- https://egemen.kz
- https://kazpravda.kz
- www.testcenter.kz
- @testcenterBot телеграм бот
Білім беру гранттары иегерлерінің тізімі биыл электронды түрде жарияланады.
Биыл 53 594 грант бакалавриатқа, 12 504 — магистратураға, 2240 —PhD докторларын дайындауға бөлінді.
Гранттардың басым бөлігі техникалық мамандықтарға үлестіріледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1745929-2018-zylgy-grant-iegerleri-tizimin-kasan-zne-kajdan-biluge-bolady/