Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Заманбек Нұрқаділовтың туған немересі өзінің лесбиянка екенін жайып салды

Опубликовано:

Заманбек Нұрқаділовтың немере қызы Бибінұр Нұрқаділова елге айрықша мәлімдеме жасады. Ол Instagram желісіндегі парақшасында өзінің лесби екенін ашық айтты деп жазады NUR.KZ.

Бірқатар отандық ,асылымдар мен телеарналарда жұмыс істеген журналист Нұрбибі Нұрқаділова өзінің жеке өмірі туралы қызықты деректі айтты. Айтуынша, ол - лесби.

Тосын мәлімдеме жасаған бір ұлдың анасы өзінің "сүйікті қызын" көрсетті. Қайрат Нұрқаділовтің қызы футболист бойжеткенді сүйетінін және онымен қалай танысқанын өз жазбасында анық жазыпты.

Ол өзінің жазбасында қыз баланы қалай сүйіп қалғанын және мұндай шешімге қалай келгенін жазған. Айтуынша, мұндай ой үш ұйықтаса да түсіне кірмеген. Бірақ бір күні оған белгісіз бойжеткен гүл жіберіп, оған өз сезімін ашық білдіре бастайды.

Сезіміне ерік берген Нұрбибі оны қалай сүйіп қалғанын өзі де түсінбей қалғанын жазған.

Ол қазіргі сүйіктісі туралы жазбалар жазып, оған деген сезімі туралы ашық айтуда.

Сонымен бірге, Нұрбибінің айтуынша, оның әкесі, яғни Қайрат Заманбекұлы оның бұл таңдауына еш кедергі келтірмепті.

Бұл туралы ол оқырман сұрағына жауап беру кезінде жазған.

Заманбек Нұрқаділовтың туған немересі өзінің лесбиянка екенін жайып салды
Заманбек Нұрқаділовтың туған немересі өзінің лесбиянка екенін жайып салды: UGC

"Бәрі бұл жайтқа қатысты жақсы қарайды. Ол әкеме ұнайды, ал ұлым оны қатты жақсы көреді. Ал бұрынғы күйеуіме бәрібір", - деп жазған бойжеткен.

Айта кету керек, бір ұлдың анасы атанған Нұрбибі Нұрқаділова қазіргі таңда жеке бизнеспен айналысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1746004-zamanbek-nrkadilovty-tugan-nemeresi-zini-lesbianka-ekenin-zajyp-saldy/

pixel