ШҚО-да тағы бір "Алтын адам" табылды (фото)
Опубликовано:
Өскеменде Тарбағатай ауданының Елеке сазы жайлауында жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде өңірде тағы бір "Алтын адам" табылды деп хабарлайды Алтайньюс порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.
![Фото: ШҚО әкімдігі Фото: ШҚО әкімдігі](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx581l40ve5on.jpeg)
Бұл – Шығыс Қазақстан жерінен табылған бесінші "Алтын адам".
![Фото: ШҚО әкімдігі Фото: ШҚО әкімдігі](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx6h43594nlmp.jpeg)
Қазба жұмыстарына жетекшілік еткен академик Зейнолла Самашев табылған "Алтын адамның" еш бүлінбегенін айтады. Барлық алтын бұйымдар сол күйінде сақталған.
![Фото: ШҚО әкімдігі Фото: ШҚО әкімдігі](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx72sdgq3mtlk.jpeg)
"Бұл – біздің заманымызға дейінгі VIII ғасырға жататын Ерте сақ дәуірінің мұрасы. Есік қорғанынан табылған "Алтын адамнан" да көне. Екеуінің арасында 3 ғасыр айырмашылық бар. Осылайша араға 50 жыл салып қазақ даласынан екінші рет тоналмаған "Алтын адам" табылды", – дейді археолог.
![Фото: ШҚО әкімдігі Фото: ШҚО әкімдігі](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx5las0lai7op.jpeg)
Елеке сазында жерленген адамның жасы 16-17 жас мөлшерінде деген болжам бар. Оның қасына ересек адам қойылған екен. Археологтың айтуынша ол қатты тонауға түскен. "Ал бозбаланың мүрдесін тонаушылар байқамаса керек" – дейді ғалым.
![Фото: ШҚО әкімдігі Фото: ШҚО әкімдігі](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx6umb6575egq.jpeg)
![Фото: ШҚО әкімдігі Фото: ШҚО әкімдігі](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudxoknggir83pc.jpeg)
![Фото: ШҚО әкімдігі Фото: ШҚО әкімдігі](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx23cm9t822a4.jpeg)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1746072-sko-da-tagy-bir-altyn-adam-tabyldy-foto/