Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада "ЦОН" алдына өсіп шыққан есірткі шөбі қызу талқыға түсті (видео)

Опубликовано:

Instagram әлеуметтік желісіндегі zello.kyzylorda парақшасында Қызылордадағы "ЦОН"-ның алдында өсіп тұрған қарасора шөбінің видеосы пайда болған. Аталған видео желіде қызу талқыға түсіп, тіпті "ЦОН" қызметкерлері мекеме ауласынан видеодағы өсімдікті таба алмай әлек болыпты деп жазады NUR.KZ.

Аталған пабликтегі жазбаны көрген желі қолданушыларының пікірі екіге қақ жарылды. Бірі бұл жайтты "ұят" деп бағаласа, екіншілері мұндай өсімдіктің кез келген жерге өсіп шыға беретінін алға тартты.

Алайда желідегі шулы видео аталған Халыққа қызмет көсрету орталығының басшыларын да бей-жай қалдырмапты. "Жас Алаш" газетінің жазуынша, мекеме қызметкерлерінің бірі бұған қатысты пікір білдіріп, арнайы тазалау жұмыстарын да жүргізгенін жеткізіпті.

«Видео басшылық тарапынан зерделенді. Әр апта сайын біз мекеме ауласында сенбілік ұйымдастырып тұрамыз. Тазалау жұмыстары кезінде бұл шөп табылған жоқ. Сол себепті оның «анаша» екендігін біз растай алмаймыз. Жоққа да шығару мүмкін болмай тұр. Құқық қорғау органдары тексеру жұмыстарын жүргізген жоқ», — деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Ақнұр Жағыпарова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1746236-kyzylordada-con-aldyna-sip-sykkan-esirtki-sbi-kyzu-talkyga-tsti-video/

pixel