Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анасы есінен адасқан астаналық жігіт жанұшыра әкесін іздеп жатыр (фото)

Опубликовано:

Астаналық Айбол Кожкенов туғанынан көрмеген әкесінің кім екенін білгісі келеді. Бозбаланың айтуынша 1988 жылы шаңырақ көтерген анасы мен әкесі тағдырдың тәлкегімен айырылысып кеткен. Ер-азамат әке-шешесінің тіпті не себепті ажырасқанынан да бейхабар. Тек екі жасында анасы оны Алматыдан Ақмола облысына нағашы ата-әжесінің қолына әкелгенін ғана біледі. "Әкемді туғалы бері көрмедім" деген жігіт, NUR.KZ тілшісіне жан сырын ақтарды.

Коллаж: NUR.KZ
Коллаж: NUR.KZ: UGC

Астаналық Айбол Кожкеновтың жасы бүгінде жиырма тоғызда. Елордадағы мемлекеттік мекемелердің бірінде қызмет ететін ол, туғалы бері көрмеген әкесінің кім екенін білгісі келеді. Айтуынша, жасы небары 2-де болғанда, анасы оны Ақмола облысы, Макинск қаласында тұратын ата-әжесінің бауырына берген көрінеді.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

"Анам Кожкенова Мафруза 1988 жылы ата-анасына айтпай, тұрмыс құрады. Мұны тіпті туыстарымыздың ешқайсысы білмеген. Осылайша мен өмірге келемін. Анамның тек Алматыдағы жоғарғы оқу орындарының бірінде, қателеспесем экономика мамандығы бойынша білім алғанын білемін. Сосын мені 2 жасымда, Ақмола облысы, Макинск қаласында тұратын ата-әжемнің қолына әкеп тастаған екен.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Сол кісілердің бауырында өстім, мектепті бітіріп, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітірдім. Қазір Астанада қызмет етемін. Ал, ата-анамның не себепті ажырасқанын, әкемнің мені неге іздемегенінен бейхабармын. Өкінішке орай, анам 10 жылдан асты, психикалық ауытқу дертіне душар болған, ақыл-есін білмейді. Қазір үйленген ініммен Алматы қаласында тұрады",-дейді ер-азамат.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Айбол Кожкеновтың бар арманы - туған әкесінің кім екенін білу. Ер-азамат әкесі жайлы ақпарат іздеп, құзырлы органдарға барғанымен, ол туралы қандай да бір мәлімет жоқ екенін алға тартты.

"Кез келген адам өзінің туған әкесінің кім екенін білгісі келеді. Менің де бар арманым сол – әкем туралы ақпарат табу, оның кім екенін білу. Туу туралы куәлігімде әкемнің аты-жөні – Ахметнабиев Еркебұлан деп көрсетілген. Ал, АХАЖ бөлімінен алынған анықтамада оның 1929 жылы ШҚО, Зайсан ауданында туғаны көрсетілген. Бұрындары анам әкем өзінен 20 жас үлкен деп отыратын, сөйтсем 30 жас үлкен екен. Ол туралы бар білетінім осы. Фотосуреттері де жоқ. Сол мақсатпен ішкі істер министрлігіне барып, ақпарат жинағанымда да түк таппадым. Ол жақтан "мұндай аты-жөні бар азамат базада тіркелмеген" деген жауап келді. Әкемді танитындар болса немесе ол туралы қандай да бір ақпарат білетіндер табылып жатса, маған хабарласуларыңызды сұраймын",-дейді ер-азамат.

Айбол Кожкеновтың телефон номері: 8 778 217 19 89

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1747606-anasy-esinen-adaskan-astanalyk-zigit-zansyra-kesin-izdep-zatyr-foto/