Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында картоп суармақ болған үш жігіт құдықта тұншығып өлді

Опубликовано:

Алматы облысында құдыққа түскен үш жігіт тұншығып, қайтыс болды. Оқиға Кеген ауданындағы ауылдардың бірінде болған деп хабарлайды ТЖД-не сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алматы облысында картоп суармақ болған үш жігіт құдықта тұншығып өлді
Фото: Алматы облыстық ТЖД: UGC

Төтенше жағдайлар департаментінің айтуынша, үш жігіт мотопомп көмегімен картоп суармақ болған.

Олар құдыққа құбыршек түсіріп, жігіттердің бірі оны дұрыстап орнату үшін құдықтың ішіне түседі.

Осы сәтте сорғыдан газдың иісі шыға бастаған. Жігіттің тынысы тарылып, басы айналып суға құлап кеткен.

Оны көрген екі жігіт оған көмекке ұмтылыпты. Алайда олар да газға уланып, тұншығып өлген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1747637-almaty-oblysynda-kartop-suarmak-bolgan-s-zigit-kdykta-tnsygyp-ldi/

pixel