Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде мұсылмандарға арналған танысу сайттары хитқа айналды

Опубликовано:

Бүгінде желі арқылы жүрегінің жартысын табамын деген жандар үшін түрлі танысу сайттары жұмыс істейді. Соңғы уақытта елімізде мұсылмандық танысу сайттары дамып келеді деп жазады NUR.KZ тілшісі.

Мазхаб бойынша іздеймін: Елімізде мұсылмандық танысу сайттары «хитке» айналды
Фото: Comments.ua: UGC

Еліміздегі дін жолын ұстанып, бес уақыт намазға жығылған ислам жолындағы кісілер де мұсылмандарға арнап арнайы танысу сайтын ашқан. Бұл сайттың ерекшелігі, ең алдымен өзіңізге қажетті мазхабыңызды жазасыз.

Содан соң өзіңіз туралы қысқаша ақпарат пен дін жолын ұстағаныңызға қанша уақыт болғанын да көрсетесіз.

Айта кетейік, мұсылмандардың танысу сайтында жасы 40-тан асқан еркектер намаз оқи алатын келіншектерге жиі іздеу салады. Олардың айтуынша, мұнда екінші әйел болуға жарайтын әйелдерді тауып алуға болады.

Сайттағы хабарландырулардың дені осы іспеттес.

Мәселен Бауыржан есімді сайт қолданушысы: «Ассаламуалейкум уа рахматуллах бауырлар. Тараз қаласынан оранған әйел іздеймін. Абу Ханифа масхабы. Жасым 42-де, екінші әйелім болады», - деп жазған.

Мұсылмандық танысу сайтында жалғызбасты, балалы әйелдер де аз емес. Тіпті көпшілігі екінші әйел болуға дайын екенін ашық көрсетіп жазған. Олар күйеу іздеуде ең бастысы болашақ жарының діндар болуына назар аударады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1747654-elimizde-msylmandarga-arnalgan-tanysu-sajttary-hitka-ajnaldy/

pixel