Алматылық полицейлер көлік ұрыларының тізімін жария етті
Опубликовано:
Қалалық ІІД қылмыстық іске бірнеше мәрте тартылған көлік ұрыларының тізімін жария етті. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі мәлімдеді деп жазады NUR.KZ.
![Жайбергенов Болат, Пантелеенко Александр, Қонабаев Ержан/ Фото: Алматы ІІД Жайбергенов Болат, Пантелеенко Александр, Қонабаев Ержан/ Фото: Алматы ІІД](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx164lh7aabjm8.jpeg)
Тәртіп сақшылары ұрылар туралы ақпаратты ғана емес, олардың суреттерін де жұрт назарына ұсынған.
Көлік ұрыларының әрқайсысы кемінде үш рет жауапкершілікке тартылған. Тіпті біреуі көлік жабдықтарын ұрлауға 33 мәрте барған.
![Гнедов Вячеслав, Темірбаев Берик, Рамазанов Ерлан / Фото: Алматы ІІД Гнедов Вячеслав, Темірбаев Берик, Рамазанов Ерлан / Фото: Алматы ІІД](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx6911abftp7d.jpeg)
![Майер Александр, Хошниязов Рустам, Батышпаев Азамат/ Фото: Алматы ІІД Майер Александр, Хошниязов Рустам, Батышпаев Азамат/ Фото: Алматы ІІД](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx2okcdfpi87kg.jpeg)
"Тәжірибе көрсетіп тұрғандай ұрылар бостандыққа шығып дұрыс жолға түспейді. Қылмыстарын бірнеше мәрте қайталайды. Соған байланысты біз олардың түрлерін қарапайым халық біліп жүрсін деген мақсатта осылай жасап отырмыз", - деп айтты ІІД өкілі.
![Богер Александр, Ходжамбердиев Батур, Елкей Азамат/ Фото: Алматы ІІД Богер Александр, Ходжамбердиев Батур, Елкей Азамат/ Фото: Алматы ІІД](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx773e1n5k99c.jpeg)
Полицейлердің айтуынша, осыдан екі жыл бұрын да ұрылардың тізімі қоғамдық көліктер мен адам көп шоғырланатын жерлерде көптеп ілінген. Бұл шара өз нәтижесін беріп, ұрылардың саны азайған болатын.
![Тұхметов Елдар, Завялов Данил , Байғабылов Рауан / Фото: Алматы ІІД Тұхметов Елдар, Завялов Данил , Байғабылов Рауан / Фото: Алматы ІІД](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx493tpafg7ba.jpeg)
![Құдайбергенов Сакен, Алибаев Нуржигит, Козбағаров Данияр/ Фото: Алматы ІІД Құдайбергенов Сакен, Алибаев Нуржигит, Козбағаров Данияр/ Фото: Алматы ІІД](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx7if829v7qqd.jpeg)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1747862-almatylyk-policejler-klik-rylaryny-tizimin-zaria-etti/