Тойxанада көңіл көтерген шымкенттік әкім балаларды қыдыртты
Опубликовано:
Шымкенттегі аудан әкімі балаларды ойын алаңында алаңсыз қыдыртып қайтты деп xабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.
![Балалар. Фото: Әл-Фараби ауданы әкімдігі Балалар. Фото: Әл-Фараби ауданы әкімдігі](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudxpfl1a30puuo.jpeg)
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен қайырымдылық іс-шарасы өтті. Шара барысында мүмкіндігі шектеулі, ата-ана қамқорынсыз қалған және аз қамтылған отбасылардан шыққан 150 бала шаттыққа бөленді.
![Балалар. Фото: Әл-Фараби ауданы әкімдігі Балалар. Фото: Әл-Фараби ауданы әкімдігі](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx6tde707u26c.jpeg)
Жаңа оқу жылы қарсаңына орай ұйымдастырылған іс-шарада аудан әкімі Ғабит Мәуленқұлов мектеп оқушыларына сөмке, кеңсе заттарын табыстады.
![Балалар. Фото: Әл-Фараби ауданы әкімдігі Балалар. Фото: Әл-Фараби ауданы әкімдігі](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx2cfrdb068ia.jpeg)
Мұнан соң балалар ойын-сауық орталығында алаңсыз көңіл көтеріп, мультфильм тамашалады. Жас ұрпақтың жүзіне күлкі сыйлауды мақсат тұтқан әкімдіктегілер оларға дастарxан жаюды да ұмыт қалдырмаған.
![Балалар. Фото: Әл-Фараби ауданы әкімдігі Балалар. Фото: Әл-Фараби ауданы әкімдігі](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx3hn85qhqmvng.jpeg)
Айта кетерлігі, бұл қайырымдылық шараға мемлекет қазынасынан қаржы бөлінбеген, барлығы демеушілер есебінен жүзеге асыпты.
![Балалар. Фото: Әл-Фараби ауданы әкімдігі Балалар. Фото: Әл-Фараби ауданы әкімдігі](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx13h54toa93a.jpeg)
Еске сала кетсек, Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов бұған дейін xалықпен тойxанада кездесіп, көпшілікті таң қалдырған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1748061-tojxanada-kil-ktergen-symkenttik-kim-balalardy-kydyrtty/