Жігітінің көзіне шөп салған бойжеткен оңбай таяқ жеді
Опубликовано:
Әлеуметтік желіге өзінің көк-ала торғайда суретін жүктеген бойжеткен оқырмандарынан сөз естіп қалды. Ол сүйгенінің көзіне шөп саламын деп, таяқ жеген деп хабарлайды sn.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
![Фото: infovoronezh.ru Фото: infovoronezh.ru](https://cdn.nur.kz/images/1120/pogudx1pu06m98ku8g.jpeg)
Бойжеткен жігітінің көзіне шөп салғанын және сонысы үшін оңбай таяқ жегенін айтты. Бет-аузы көгала төрғайдай болған әйел бұл ісі үшін өзін кінәлі сезінбейтінін де жеткізді.
"Жігітімнің қандай екенін көріңіздер. Қорғансыз қызды өлгенше сабады. Сондағы бар жазығым екі жігітпен көзіне шөп салғаным", - деп жазды ару.
Айта кететіні, желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінген. Олардың бірі жігіттің әрекетін қолдап отыр. Ал екіншілері, жігіттің күйеуі емес екенін алға тартып, қызды ақтап алды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1748365-zigitini-kzine-sp-salgan-bojzetken-obaj-taak-zedi/