Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде әкесінің несиесін төлеу үшін үш жасар баланы сотқа шақырды

Жарияланған күні:

Ақтөбеде әкесінен мұраға қалған несиені төлеу үшін банк үш және бес жастағы балаларды сотқа шақырды деп хабарлай өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Аманбике Мейірханова. Фото NUR.KZ
Аманбике Мейірханова. Фото NUR.KZ: UGC

30 жасында жесір қалған Аманбике Мейірханова екі баласының атына сотқа шақырту алған. Балаларын жәрдемақымен асырап отырған келіншек пәтер жалдап тұрады.

"Менің үш балам бар. Бірінші жолдасым қайтыс болып, бір баламен қалдым. Екінші жолдасымнан екі бала сүйдім. Жолдасым қайтыс болар күннен 10 күн бұрын несие алған. Сол кезде үй салуды жоспарлап жүр едік. 2015 жылдың 17 тамызында аяқ астынан жүрек талмасынан қайтыс болды. Ол кезде мен үшінші баламды енді босанған кезім",- дейді Аманбике Мейірханова.

Келіншектің марқұм жолдасы алған 690 мың теңге несиені төлеу үш жылдан кейін кәмелеттік жасқа толмаған балаларға міндеттелген. Оның 60 мың теңгесі сақтандыруға ұсталып, банк негізгі қарыз 633 мың теңгені сұрап отыр.

"Үш жастағы ұлым мен бес жастағы қызымның атына сотқа шақырту жіберіп тұр. Несиеге алынған негізгі қарызды төлеуді талап етіп жатыр. Мен өзім жұмыс істемеймін. Үш балам да ауырады. Үлкенімнің ұлы дәреті тұрмайды. Қызымның өкпесіне салқын тигізіп алдық. Ол бес күндік балабақшада жатып ем алады. Кішкентайым қан аздықпен емделіп жүр. Қазір жолдасымның жоқтығына байланысты төленетін жәрдемақымен ғана күн көріп отырмын. Ол ақшаның жартысын пәтерақыға төлеймін", - дейді ол.

Келіншек сотқа шақырған банкке қарсы талап арыз жазып тастаған.

"Қарсы талап арыз жаздым. Мұрагерлікке қалған несиені жолдасымның бірінші әйелінен қалған бала да төлеу керек. Ол да мен секілді жәрдемақы алып отыр", - дейді Аманбике Мейірханова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1748640-aktbede-kesini-nesiesin-tleu-sin-s-zasar-balany-sotka-sakyrdy/