Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Черногорияда суға кеткендерді құтқарған қазақ жігіті жер қойнына тапсырылды

Жарияланған күні:

Черногорияда суға кеткен үш адамды құтқарып қалған қазақстандық азамат Таңат Смағұлов туған ауылында жер қойнына тапсырылды. Қаһарманның табытын Петропавл қаласына жеткізген. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Евразия" бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жерлеу. Видеодан кадр: "Евразия" арнасы
Жерлеу. Видеодан кадр: "Евразия" арнасы: UGC

Қайғылы жағдай Таңаттың екінші демалыс күнінде болған. Сол күні қатты толқын болып, Таңат достарымен жағажайға бармауды ұйғарады. Алайда кей туристер толқынға қарамастан, шомылуға шыққан.

Оннан астам адам суға бата бастағанда, Таңат ойланбастан оларды құтқаруға кіріседі.

Қаһарман жігіт екі әйел мен бір баланы құтқарып қалды. Төртінші адамды судан шығаруға тырысқан Таңатты кезекті толқын алып кеткен.

Сол сәтте құтқарушылардың қайда болғаны белгісіз. Таңаттың жақындары мен туыстары қайғыдан қара жамылып отыр.

"Қауіпке қарамастан, адамды құтқару әркімнің қолынан келе бермейді. Ол өзге адамды құтқаруға барын салды, бұл нағыз ерлік", - дейді ауылдасы Жапар Түлегенов.

Жапар Түлегенов/ "Евразия" бірінші арнасынан кадр
Жапар Түлегенов/ "Евразия" бірінші арнасынан кадр: UGC

Отбасы Таңатты ата-анасы мен үш ағасының қасына жерлеуді ұйғарды. Таңат тоғыз баласы бар үлкен отбасында өскен. Қаһарманмен қоштасу рәсімі Петропавл мешітінде өтті.

"Ол жақындарына қашан да көмекке асығатын. Оның қандай керемет жан болғанын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес", - дейді Жомарт Смағұлов.

Қаза болған жігіттің артында бес жасар қызы мен әйелі қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1748935-cernogoriada-suga-ketkenderdi-ktkargan-kazak-zigiti-zer-kojnyna-tapsyryldy/