Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада 11 мұғалімнен жыныстық ауру табылды

Жарияланған күні:

Қызылордада жыныстық ауруға шалдыққан мұғалімдер саны артуда. Өткен жылы мерез ауруы алты ұстаздан табылса, биыл бұл дертке 11 мұғалім шалдыққан деп хабарлайды NUR.KZ.

Ұстаз. Көрнекі фото: © pandaland.kz
Ұстаз. Көрнекі фото: © pandaland.kz: UGC

Жыныстық жолмен жұғатын мерез ауруы ұстаздар арасында тарап жатқанына дәрігерлер дабыл қағуда.

"Биыл қауіпті дерт 127 адамнан табылды. Олардың 87-сі - жұмыссыз отырған тұрғындар. Мерезге көбіне әйелдер шалдығады. Дерт жоспарлы медициналық тексеріс кезінде анықталып жатады", - дейді дерматовенеролог Ғабит Қыздарбеков.

Дәрігерлер мерезді емдеуге болатынын алға тартты. Науқас неғұрлым ерте дәрігерге қаралса, оны емдеу де соғұрлым жеңіл болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1749819-kyzylordada-11-mgalimnen-zynystyk-auru-tabyldy/