Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өгей әкесінен әбден қорлық көрген бойжеткен жан сырымен бөлісті

Опубликовано:

"Әйел сыры" бағдарламасына қонаққа келген Айсұлу есімді бойжеткен өгей әкесінен қорлық көргенін айтып эфирде жылап жіберді. Айтуынша, оның анасының екінші күйеуі бала кезінен бастап оны ұрып-соғып, қараңғы бөлмеге қамап келген деп жазады NUR.KZ.

Айсұлудың айтуынша, оның туған әкесі ішкілікке салынып кеткен. Сондықтан анасы онымен ажырасып, басқа ер адамға тұрмысқа шығыпты.

"Өгей әкем мені қорлап, "сенен түк шықпайды, адам болмайсың" деген сөздер айтатын. Ұрып-соғатын. Кейде тіпті ұрып-ұрып қараңғы бөлмеге қамап қоятын анамның көзінше. Анамды есіктің сыртында ұрып жататын", - деп есіне алған бойжеткен көз жасын тоқтата алмады.

Айсұлудың айтуынша, оның анасы екінші күйеуінен бірнеше бала туған. Сонымен бірге, олардың жеке баспанасы болмағандықтан, баратын жері де болмаған.

"Қазір оқуға түсіп, қалаға оқуға келдім. Алайда анамды әлі де ұрып-соғады", - дейді Айсұлу.

Өгей әкесінің қорлығын көрген қыз қазіргі таңда өзі де ешқандай жігітке сенім арта алмайтынын жеткізді. Себебі ол еркек атаулыдан үркіп, қорқып тұратын дәрежеге жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1750039-gej-kesinen-bden-korlyk-krgen-bojzetken-zan-syrymen-blisti/

pixel