Жазғы демалыс кезінде ауылда мал баққан депутатқа ел сүйсінді
Жарияланған күні:
Еліміздегі ең жас депутат Геннадий Шиповских жазғы демалысын ауылда өткізіп, мал баққанын жасырмады деп хабарлайды Евразия арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Халықтың "Билік басындағылар тек шетелде демалады" деген ойының күл-паршасын шығарған жас депутат әке-шешесіне қолғабыс еткенін мойындады.
Тілшінің сұрағына Шиповских: "Малға қарадым деп айта алмаймын. Енді көмек бердім. Қарастым десем де болады. Енді сіз айтқаннан кейін мен де ойланып қалдым. Малға қарадым", - деп жауап берді.
Айта кетейік, парламенттегі ең жас депутат Геннадий Шиповских жаңа
сессияда кіндік қаны тамған жер Аралдың экологиялық мәселесін көтермек.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1750792-zazgy-demalys-kezinde-auylda-mal-bakkan-deputatka-el-sjsindi/