Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейрамханаға жылқымен басып кірген ер адам той-думанның шырқын бұзды

Опубликовано:

Интернет желісінде той үстіне жылқымен басып кірген ер адамның видеосы таралып кетті. Атқа мініп алған азамат өз наразылығын білдіріп, мерекелік жиынның шырқын бұзған. Желі оқырмандары бейнежазбадағы оқиғаға қатысты қызу талқы ұйымдастырып, өз болжамдарын айтты деп жазады NUR.KZ.

Фото: Скриншот
Фото: Скриншот / Instagram: UGC

Аталмыш видео Instagram желісіндегі kazan_bas паблик/парақшасында жарияланған. Онда мейрамхана ішіне жылқымен баса көктеп кіріп кеткен ер адам бой көрсетті. Өзге тілде сөйлеген азаматтың ашулы әрі бір нәрсеге наразы екенін бірден аңғаруға болады.

Тойдың шырқын бұзып келген қонақты мейрамхана ішіндегілер тоқтатып, сыртқа шығаруға тырысқан. Алайда, ер адам бәрібір де өз айтарын айтып кетті.

Бейнежазбадағы оқиға желі қолданушыларын қызықтырып қойды. Ғаламтор кеңістігінде талқы ұйымдастырған олар, ер адамның ашулануына не себеп болғанын таппай әлек болды. Оқырмандар пікір алмасу барысында, оқиғаға қатысты өз болжамдарымен бөлісті.

"Мынау шу көтеріп не істеп жүр? Тойдың шырқын бұзды-ау"
"Қызы басқа біреуге үйленіп жатқан шығар. Соған қапалы болса керек"
"Не болса да айтарын айтуға келген жігіт қой. Бірақ қыз үшін бұлай жасап керек емес еді" , - деп жазды оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1751373-mejramhanaga-zylkymen-basyp-kirgen-er-adam-toj-dumanny-syrkyn-bzdy/

pixel