Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ЭКСПО-ға келген африкалық әйел Қазақстанда жүкті болып, елде қалып қойған

Опубликовано:

Африканың Конго елінен азаматшасы былтыр ЭКСПО-ға келіп, сол бетінше еліне қайта алмаған. Оған себеп келіншектің Қазақстанда жүкті болып қалуы болған. Сонымен бірге шетелдік азаматшаның визасының уақыты да өтіп кеткен екен. Қолында сәбиі бар ана енді өз еліне қайтуға қаражат таппай отыр. Бұл туралы Хабар 24 арнасына сілтема жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Vlast.kz
Фото: Vlast.kz: UGC

Моника есімді Конго елінің азаматшасы былтыр жазда ЭКСПО-ға келген. Осында ол бейтаныс ер адаммен танысып, одан жүкті болып қалады. Көп ұзамай ер адам әйелмен айырылысып, Моника аяғы ауыр күйінде жалғыз қалады. Бұған қоса шетел азаматшасының визасы да жарамсыз болып қалады. Осылайша жалғызбасты ана тұрғылықты мекенжайсыз әрі көк тиын ақшасыз, далада қалған.

Абырой болғанда әйел адам әлеуметтік-құқықтық орталық мамандарымен танысып, солардың көмегімен дүниеге сәбиін әкелген. Қор жетекшісі Анна Рыльдің айтуынша, бүгінде африкалық азаматша өз еліне қайтуға қауқарсыз болып отырған көрінеді. Әйел адамның оған қаражаты жоқ дейді қор жетекшісі.

Қазіргі таңда Моника Қазақстанда қалуды жоспарлап отырған көрінеді. Ол үшін оған тұрғылықты мекенжай түрін анықтап, босқын мәртебесіне алу керек екен. Алайда оған қол жеткізу көп уақыт пен күш-жігерді талап етеді дейді қор басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1751577-ekspo-ga-kelgen-afrikalyk-jel-kazakstanda-zkti-bolyp-elde-kalyp-kojgan/