Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордалық ару ажырасқан ер адамға тұрмысқа шықпауға кеңес берді

Жарияланған күні:

32 жастағы Асия есімді қызылордалық ару бұған дейін отбасылы болған ер адаммен тұрудың қандай екенін жақсы біледі. Соған орай, келіншек жас бойжеткендерге өз қатесін қайталамауына кеңес беруде деп жазады NUR.KZ.

Фото: Ivetta.ua
Фото: Ivetta.ua: UGC
"Осыдан жеті жыл бұрын тұрмысқа шықтым. Сүйіктіммен танысқанымда ол ажырасып кеткен. Мен онысын ата-анамнан тойға дейін жасырып келдім. Олар біліп қойған шақта қарсылық танытты. Әсіресе анам тұрмысқа шығудан бас тартуды соңына дейін өтінген болатын.
Алайда, мені көндіру мүмкін емес еді. Бүгінде біздің екі баламыз бар. Бастапқыда ол бірінші некеде туылған балаларымен араласпайтын. Ажырасуының себебі ретінде бірінші әйелінің ауыр мінезін айтатын. Ол дәмсіз тамақ әзірлеуімен қатар, ата-енесіне сыйластық танытпағандықтан олардың арасы үзілгенін жеткізді.
Мен сол кезде ол әйелден де жақсы болып, сүйіктімді бақытты етемін деп жүрдім. Бірақ, жанұяның ойрандануына бір-ақ адам кінәлі болатынын тым кеш аңғардым. Жақсы ер адамнан бекерден бекер кетпейді ғой" , - деп айтты Әсия.

Бүгінгі күні келіншектің жұбайы екі отбасыны асырап отырғандықтан, ақша тапшылығы кәдімгідей сезілуде.

"Ұл баланың туылғанынан кейін бұрынғы әйелі белсенділік танытып, қайта-қайта болмайтын нәрселерге бола хабарласа берді. Бір күні түнде батареяны жөндеуге шақыртып алды. Ал тағы бір ретте қызы оны қонуын өтініп, ол сонда түнеп қалды. Мен мүлде ашуланып шықтым. Екеуміз ақыр-соңы ұрысып қалдық" , - деп айтты әйел.
Әсияны енесі толықтай қолдап отыр. Олар екеуі тіпті, ер адамның бұрынғы әйеліне барып жағдайды дұрысынан түсіндірмек болғанда, ол тіпті тыңдағысы да келмеген. Оған қоса, Әсияға отбасын бұзатынын айтып қорқытқан.
"Оның қолынан ондай келеді. Жақында ол ұлды болды. Күйеуім мойындамағанымен, ол оның ұлы екенін де күмәнім жоқ. Бәріне көз жұмып отырмын. Біз ажырасып кетсек те менің баратын жерім бар. Ата-анам маған ткөмек берері анық. Бірақ ақыры осы жолды таңдадым ба артқа қайтқым келмейді", - деп айтты келіншек.

Сүйіктісінің екінші әйелі атанып отырған әйел жас қыздарға ажырасқан ер адамға тұрмысқа шықпауға кеңес берді. Оған қоса, ол бес басты себепті де айтып кетті.

"Бірінші себеп - ықылас. Отағасының жылы ықыласы екі отбасына бөлінеді. Ол бірінші некедегі балаларымен үнемі хабарласатындығынан сенің балаларың қызғаншақ болып өседі.
Екіншісі - қаржы тұрақсыздығы. Сүйіктіңіз екі отбасыны асырап отырғандықтан, жанұяңда үнемі қаржы тапшылығы орын алып тұрады. Оған қоса, алдағы уақытқа қаражатты жұмсауды жоспарлай алмайсың да. Өйткені, бірінші отбасының не және қандай көлемде сұрайтыны белгісіз.
Үшінші себеп - үнемі салыстыру. Сенің істеген әрбір ісіңді, әр әрекетіңді күйеуіңнің туыстары оның бұрынғы әйелімен салыстырып жатады.
Төртіншісі - аяушылық таныту. Барлық достармен туыстар саған асқан аяушылықпен қарайды. Олар іштей "бұрынғы әйеліне қосылса қайтесің, күнің не болады" деп ойлап тұрадый
Бесінші себеп - сен оның балаларын қабылдауың керек болады. Оларды жақсы көрмесеңде, жақсы көргендей кейіп танытуға мәжбүр боласың. Ажырасқан еркекке тұрмысқа шыққан екенсің, өгейшеше болуға да дайын бол", - деп қорытындылады Әсия.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1751974-kyzylordalyk-aru-azyraskan-er-adamga-trmyska-sykpauga-kees-berdi/