"Әділ Қытай" қылмыстық тобының басшысы 20 жылға сотталды
Опубликовано:
Атышулы "Әділ Қытай" ұйымдасқан қылмыстық тобының басшысы Әділжан Зайнаудин 20 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды bnews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Үкімді сот Бақытхан Бәкірбаев оқыды.
Әділжан Зайнаудин жазасын қатаң режимде өтейтін болады.
Сондай-ақ топ серкесінің барлық мүлкі тәркіленбек. Оның ішінде қымбат маркалы бірнеше көлігі де бар.
Зайнаудиннің ұлдары Бахтишат Арупов 6 жылға сотталды. Ал Мехришат Зайнаудинді бір жыл 2 айға бас бостандығынан айырып, сот залынан босатты.
Айта кетейік, топтың басқа мүшелері: Қанат Әбдірахманов, Дәулет Байғабатов, Бақытжан Байсалбаев, Саид Жалалов, Имаржан Қабыров, Амирдин Яхьяров, Төленді Кененбаев, Шухрат Худавадиев, Нұрмұхамет Сиханов 3,5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды..
Сот үкімі әлі заңды күшіне енбеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1752583-dil-kytaj-kylmystyk-tobyny-bassysy-20-zylga-sottaldy/