Жолға арналған тоңазытқыштың ішінен жеті адамның басы табылды (фото)
Опубликовано:
Мексиканың Бакум қаласынан тоңазытқышқа салынған жеті адамның басы табылды деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Елді дүрліктірген тосын оқиға 14 қыркүйек күні орын алған.
Полицейлердің мәліметінше, табылған бастардың иелері 25 пен 40 жас аралығындағы ер адамдарға тиесілі. Сондай-ақ тоңазытқыштан бір адамның алақандары мен табандары табылған.
Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Мексикадан 166 адамның денесі табылған еді. Олар есірткі саудасымен айналысқандар болуы мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1753642-zolga-arnalgan-toazytkysty-isinen-zeti-adamny-basy-tabyldy-foto/