Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа iPhone түрлері Қазақстанда қашан сатылымға шығады?

Опубликовано:

Apple компаниясының Қазақстандағы ресми өкілі жаңа iPhone Xs және iPhone Xs Max модельдерінің елімізде сатылымға қашан шығатынын және бағасын мәлім етті. Бұл туралы iPoint сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: iPhones.ru
Көрнекі фото: iPhones.ru: UGC

Сонымен, қазақстандықтар 28 қыркүйектен бастап жаңа үлгідегі ұялы телефондарды сатып ала алады.

Алматы, Астана және Қарағанды қаласының тұрғындары алдын ала сатып алу мүмкіндігіне ие.

iPhone Xs және iPhone Xs Max құны 534 990 теңгеден басталады екен.

Мәселен, жады 64 ГБ iPhone Xs 534 990 теңге, 256 ГБ - 614 990 теңге, 512 ГБ - 719 990 теңге тұрады.

Ал iPhoneXs Max 64 ГБ - 589 990 теңге, 256 ГБ - 669 990 теңге, 512 ГБ - 775 990 теңгеден сатылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1754025-zaa-iphone-trleri-kazakstanda-kasan-satylymga-sygady/

pixel