Назарбаев оңтүстіктегі Қожа Ахмет Яссауи кесенесін аралады
Опубликовано:
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Әзірет-Сұлтан" тарихи-мәдени қорық-мұражайының аумағында орналасқан Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барды деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Президентке "Әзірет-Сұлтан" тарихи-мәдени қорық мұражайының даму жоспары таныстырылған.
Оған сәйкес, мұражай аумағына келген кез келген турист ондағы киелі жерлерді аралау мүмкіндігіне ие болмақ.
Бұл тұрғыда алдымен Түркістан аумағындағы ең көне қала – Күлтөбені қайта қалпына келтіру жұмыстары қолға алынады деп күтіліп отыр. Сондай-ақ, Әлмамбет Хан, Тәуке хандардың мазарлары толығымен қайта жөндеуден өтпек.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1755362-nazarbaev-otstiktegi-koza-ahmet-assaui-kesenesin-aralady/