Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өз ұлтыңнан неге бездің": Серік Аббас-Шаһ билікті келемеждегені үшін сынға ілікті

Опубликовано:

Қоғам белсендісі Ерғали Берікұлы өзінің желідегі парақшасында мемлекеттік тұлғаларға арнап, сықақ пост шығаратын Серік Аббас-Шаһты сынға алды.

"Өз ұлтыңнан неге бездің": Серік Аббас-Шаһ билікті келемеждегені үшін сынға ілікті
Фото: Instagram / serik_abasshakh_officialpage: UGC

"Сенің бет пердең ашылды, Серік! Бұған дейін әркімге бір соқтығысып, әркімді бір қағытып, шалқақтап едің. Енді Алла Тағаланың өзі тұтас ұлт қылып, нығметімен байтақ даласын сыйлап, жеке мемлекет болуды нәсіп еткен қазағыңа топырақ шаштың. Сенің бүгінгі сөзіңмен біз - өте жалтақ, өте парақор, өте мақтаншақ, өте дарақы, өте жағымпаз, өте сатқын халықпыз.

Сен жүз жерден әулиесінгенмен, Абай бола алмайсың. Сен қазақты жер ғып жамандаймын деп, өзіңнің кім екеніңді әйгілеп бердің. Сен сонау ықылым заманнан кіндігіңді үзбей, осы күнге жеткізген ата-бабаңа, әже-аналарыңа қарсы күпірлік жасап отырсың. Сен қазақтың әр қиырындағы ұлтты сатпақ түгілі, басынан бір тал шаш түссе, жаны шырқырайтын мыңдаған қарапайым бауырларыңа тіл тигізіп отырсың. Сен қазақ ғылымы үшін түн ұйқысы шала боп жүрген жүрегі таза жүздеген ғалым бауырларың мен ауылдардағы шәкірттері үшін шыр-шыр ететін жаны жайсаң мұғалімдерді "өте сатқын, өте мақтаншақ, өте жағымпаз..." деп қорлауға көшіпсің.

Серік, желідегі жүздеген адам шашбауымды көтерді екен деп, Ахмет Байтұрсынұлы мен Бауыржан Момышұлын дүниеге әкелген халықтан өзіңді зор санағаның ақылыңның асқаны емес, көзіңді шел басқаны деп түсінеміз. Отанынан безген адамның оңғанын көрдің бе?! Серік, менің спорт саласында ұзақтан келе жатқанымды білесің. Мен қазақ десе, шығарда жаны бөлек талай бапкерлерді білемін. Олар бар тапқан-таянғанын шәкірттерінің аузына тосады.

Жалақылары аз болса да, өз балаларының аузынан жырып, спортшыларға нәрлі тамақ, жақсы киім, құнарлы витамин әперуге ақша табады. Олар өздері ашқұрсақ жүрсе де, сырт көзге сыр алдырмайды. Оларға қарап тұрып, нағыз қазақ осылар деп, еріксіз сүйсінесің. Олар балалар жарысқа дайындалған кезде әкелерінің бес-алты тайыншасының біреуін қиналмай сойып тастайды. Ал, Серік, осындай азаматтар қалайша жалтақ, қалайша сатқын, қалайша жағымпаз болмақ", - деп сөзін аяқтады бапкер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1755419-z-ltynan-nege-bezdi-serik-abbas-sa-bilikti-kelemezdegeni-sin-synga-ilikti/

pixel