Биылғы жылғы каникулдың кестесі бекітілді
Опубликовано:
Білім министрлігінде 2018-2019 оқу жылының оқу кестесі бекітілді деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Осы оқу жылында мектеп оқушылары партада 32-34 аптасын өткізеді.
Күзде олар демалысқа 29 қазан күні шығып, сабаққа 5 қараша күні келеді. Ал қыста балалар 31 желтоқсаннан 9 қаңтарға дейін демалады.
Көктемгі демалыстар 21 наурыз бен 2 сәуір аралығында болмақ.
Ал мектепке дейінгі мекемелерде қыста қосымша демалыс күндері 4-10 ақпан аралығына бекітілген.
Ал жазда мектеп оқушылары 99 күн демалады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1755554-biylgy-zylgy-kanikuldy-kestesi-bekitildi/