Өзбек қыздарын жезөкшелікке мәжбүрлеген астаналық әйел ұсталды
Жарияланған күні:
Астана қаласында эскорт-қызметін ұйымдастырған азаматша тұтқындалды. "Жеңгетай" болған әйел Өзбекстан азаматшаларын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Бұл жайында Астана қаласының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Тергеу барысында 40 жастағы азаматшаның сексуалды қызмет көрсету бизнесін ұйымдастырғаны анықталды.
Ол шетелден келген қыздардың төлқұжаттарын тартып алып, оларды мәжбүрлі түрде жезөкше атандырған.
"Біздің төлқұжаттарымызды тартып алды. Ақша бермейтін. Күніне 17 мың теңге табасыңдар деген шарт қойды", - дейді жәбірленуші қыздардың бірі.
Күдіктінің пәтерін тінту кезінде 8 төлқұжат табылды. Олардың барлығы Өзбекстан азаматшаларына тиесілі болып шықты.
Қазіргі таңда жапа шеккен қыздар жекеменшік қорға жеткізіліп, оларға тиісті көмек көрсетілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1755686-zbek-kyzdaryn-zezkselikke-mzbrlegen-astanalyk-jel-staldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.