Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Виктор Храпунов 17 жылға сотталды

Опубликовано:

Алматыда "Храпунов ісіне" нүкте қойылды. Оңтүстік шаһардың бұрынғы әкімі Виктор Храпунов 17 жылғы, оның жары 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Айыпталушылар сырттай сотталған деп хабарлайды BNews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Виктор Храпунов жары Лейламен. Фото: Facebook
Виктор Храпунов жары Лейламен. Фото: Facebook: UGC

Судья Қасым Қалмағамбетовтың шешімі бойынша, Виктор Храпунов 17 жылға бас бостандығынан айырылып, барлық мүлкі тәркіленді. Сондай-ақ ол енді мемлекеттік қызметте, ұлттық басқармалар мен компанияларда жұмыс істей алмайды.

Лейла Храпунова 14 жылын қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемесінде өткізіп, жиған-тергенін мемлекетке қайтарады. Экс-әкімнің жұбайы да мемлекеттік қызметке енді жолай алмайды.

Осы іске қатысты тағы бір айыпталушы Айяр Ілиясов бес жылға сотталды.

Храпунов ісіне қатысты сотта айыпталушылардың өзі болмады. Тергеу комитетінің мәліметінше, ол өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып көптеген заңсыз әрекеттерге барған.

Алматының экс-әкімі табиғаты арнайы қорғалатын, тарихи-мәдени жерлерді өз меншігіне заңсыз аударған. Сөйтіп оларды үшінші адамға нарық бағасымен сатып отырған.

Еске салсақ, Виктор Храпунов 1997 жылы Алматы қаласының әкімі болып тағайындалған. Оның жақтастарымен бірге мемлекетке келтірген шығыны 250 миллион доллардан асады.

Сотта куәгерлер Храпуновтың әкімдік қызметін пайдаланып, қоластындағыларды заңсыз құжаттарға қол қоюға мәжбүрлегенін де мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1756805-viktor-hrapunov-17-zylga-sottaldy/

pixel