Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттің "зың" әкімі емханалардағы ұзын-сонар кезектің көзін жоймақ (видео)

Опубликовано:

Шымкент басшысы Ғабидолла Әбдірахманов елдегі медицина саласын сынның астына алып, денсаулық сақтау мекемелерінде сағаттап кезек күтетін тұрғындарға алаңдады деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Ғабидолла Әбдірахманов. Фото: today.kz
Ғабидолла Әбдірахманов. Фото: today.kz: UGC

Елбасы жолдауын талқылауға арналған жиында қаланың бас дәрігері Нұрлан Қасымовтың баяндамасын тыңдаған Ғабидолла Әбдірахымов бірінші кезекте медицина мамандарының біліктілігін арттыру қажеттігіне тоқталды.

"Біз жаңадан заманауи емханалар салғанымызбен, ондағы мамандардың біліктілігі төмен болса, жаппай өлімге әкеп соғуы мүмкін. Әлеуметтік желілерден түрлі жағдайларды естіп жатырмыз. Соларды болдырмау үшін, қаланың денсаулық сақтау басқармасы тәулік бойы жұмыс істеу қажет. Бірінші кезекте, медицина мамандарының кәсіби біліктілігі маңызды", - деді Шымкент басшысы.

Сондай-ақ Ғабидолла Әбдірахымов медицина мекемелерінде ұзын-сонар кезекке тұрып, тіпті бір-бірімен жанжалдасып қалатын тұрғындардың жағдайына да алаңдады.

"Қаладағы барлық көпқабатты тұрғын үйлердің бірінші қабатынан отбасылық дәрігерлік амбулатория ашу керек. Мәселен, баланың тамағы ауырып немесе өзге де жеңіл аурумен сырқаттанып қалып, тұрғындар ауруханаға барып, 2-3 сағаттап кезек күтіп отырмауы қажет. Бір-біріне жұқтырып алуы мүмкін.

Кез келген ауруханаға барсаңыз, балалар жылап отырады. Әйелдер "сен менен бұрын кіріп кеттің", "мен сені көрмедім" деп кезекке таласып бір-бірімен ұрысады. Солай ғой?... Соның бәрін азайту үшін жаңағы амбулаторияларды ашу қажет. Сырқаттандың ба, үйіңнен шығып, дәрігерге қарала саласың. Егер ауыр жарақат алған, хирургиялық емді қажет ететін науқас болса немесе бала босанатын кезде ауруханаға баруға болады. Еуропада сондай", - деген Шымкент әкімі елдегі медицина саласын сынның астына алды.

"Егер қажет болса мамандардың біліктілігін Германия немесе басқа елдерде арттыруды ұйымдастырамыз. Болмаса ол жақтың мамандарын өзімізге шақырайық. Негізі біздегі қазіргі жүйе дұрыс емес. Біз соған үйреніп қалғанбыз және солай болу керек екен деп ойлаймыз. Өйткені басқасын көрмегенбіз", - деді әкім.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1757052-symkentti-zy-kimi-emhanalardagy-zyn-sonar-kezekti-kzin-zojmak-video/

pixel