Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүйкем тозып бітті": Лифтіде қайтыс болған журналистің анасы жанайқайын жеткізді

Опубликовано:

Ақтөбеде лифтіде жаншылып қалған танымал журналист Айзат Әбдісаматтың анасы жанайқайын айтты. Марқұмның анасы соттың созылып кеткенінен шаршаған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Марқұмның анасы Айша Төлемісова күйеу баласымен
Марқұмның анасы Айша Төлемісова күйеу баласымен: UGC
"Мен әр сотқа келген сайын жүйкем тозып бітті. Алты рет сотқа шақырған екен. Оның екеуінде ғана іс қаралды. Қалған кездерде әртүрлі жағдайлармен кейінге шегеріліп отырды.

Шыны керек, қызымның артынан өзім өлуге келдім. "Артынан қалған үш жасар қызды жеткізу үшін өмір сүруім керек" деп өзімді қайрап жүрмін. Күйеу балам 30 жастағы жас жігіт. Келіншегінің жылын бергеннен кейін үйленуге рұқсатымды беріп отырмын.

Жиен немерем өгейлік көрмеу үшін өмір сүруім керек. Соттың созылып кетуі мені шаршатып жіберді. Әр сотқа келген сайын өмірім бес жасқа кеміп бара жатқандай. Көз жасым шыққан сайын өліп бара жатқандай сезінемін", - дейді марқұмның анасы Айша Төлемісова.

Айзат Әбдісаматтың анасы әр сотқа қатысу үшін Шалқар ауданынан арнайы келеді.

Бүгін Ақтөбе қалалық сотында қаралуға қатысты қылмыстық іс айыпталушының қорғаушысы ауырып қалуына қатысты кейінге қалдырылды.

"Мен математика пәнінің мұлалімімін. Ана жақта жұмысымның сапасы нашарлап кетті. Сотқа келу үшін қайта-қайта сұранамын. Сабағымда әркімге тапсырып, сот болатын күні қалаға жүгіремін. Орныма "апа, барыңыз" деп әркім сабақ беріп жүр. Сот созылып барады", - ашынған дейді Айша Төлемісова.

Естеріңізге сала кетсек, істен шыққан лифтіде қайтыс болған тележүргізушінің өлімі күллі Қазақстанды дүр сілкіндірген еді. Қызымен бірге болған Айзат Әбдісаматты лифт қысып қалған.

Бұл қаралы оқиғаға дұрыс жүргізілмеген жөндеу жұмыстары себеп болыпты. Көпшілік лифттің жұмысын қадағаламаған мамандарды кінәлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1757316-zjkem-tozyp-bitti-liftide-kajtys-bolgan-zurnalisti-anasy-zanajkajyn-zetkizdi/

pixel