Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сары әулие 10 шақты әйелінің болғанын мойындады (видео)

Опубликовано:

Халыққа "Сары әулие" атымен танылған Марат қажы Есенбаев өзінің оншақты әйелі, 23 баласы барын ашып айтты Астана арнасындағы "Мақпал мекен" бағдарламасында айтты деп жазады NUR.KZ.

Фото: tote.qamshy.kz
Фото: tote.qamshy.kz: UGC

Жастайынан жетімдіктің азабын тартып, екі бауырын жалғыз өсірген Марат Есенбаев 23 баласының екеуімен араласпайтынын да жасырмады.

Студияға хат жазған оқырмандардың бірі "Сары әулиенің қанша әйелі бар? 25 жастағы қызды алды деген рас па?", - деп сұраған.

"Менің қазір үш әйелім бар. Негізі он шақты әйелім бар. Көбісі талақ болып, менің рұқсатыммен жібердім. Закира, Ақмарал, Жеңіскүл есімді үш әйелім жанымда. Кеткен әйелдерімді өзім үлкен жолға шығарып салдым.

Өмірде үш рет некелескенмін. Мен осындай әйелдерімнің барына бақыттымын. Ал менімен "Dubsmush" түсірген ұйғыр қызы сынақтан өте алмады. Ол әйел болуға жарамады. Менің талғамымдағы әйелдер жалқау, телефонға тым жақын болса, ол әйел болуға жарамайды", - деді Сары әулие.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1757612-sary-ulie-10-sakty-jelini-bolganyn-mojyndady-video/

pixel