Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жезөкшенің бәрі жаман емес": Ақша үшін тәнін сатқан қазақ әйелі мұңын шақты

Опубликовано:

Жетінші арнадағы "Өз ойым" бағдарламасына қонаққа келген жеңіл жүрісті келіншек өзін сынаған ер адамға ұрысып тастады деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Өзінің "жезөкшелікке" қалай келгенін айтып берген Айнұр жеңіл жолмен тапқан ақшасы арқылы анасына көмек көрсететінін айтты.

"Осы жолға әйелдердің барлығы жағдайдың жоқтығынан түскен. Ақшаның қажеттілігінен, мұқтаж болғандықтан осы әрекетке бардым.

Дүкенде сатушы болып жүргенімде бір әйел кісі келіп, "Ақша тапқың келеді ме?" деп сұрады. Сондай-ақ, бір адаммен таныстыратынын айтты. Сол кезде анам науқастанып, ақша керек болып жүрген еді.

Мен қандай жұмыс болса да істеймін. Тек ақша жетпейді. Түсінесіздер ме? Менің шалқып өмір сүргім келетін шығар.

Біздер жайлы қаншама бағдарламада әңгіме қозғалып жатыр. Бірақ, ешқайсысыңыз менің сүрген өмірімді сүрмедіңіздер. Не көріп, не көрмегенімді білмейсіздер.

Ешкімнің де арын қорғағым келмейді. Тек жезөкше дегеннің бәрі жаман емес", - деді көз жасына ерік берген Айнұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1757948-zezkseni-bri-zaman-emes-aksa-sin-tnin-satkan-kazak-jeli-myn-sakty/

pixel